8 (7172) 72-57-89
Байланыс
nnpcfk2020@yandex.kz
E-mail
Түркістан 8/2, 12 қабат
Астана қ.

ЖАҢАЛЫҚ

ҚР БҒМ "Ұлттық ғылыми-практикалық дене шынықтыру орталығы" РМҚК мемлекеттік және орыс тілдерінде оқытатын орта білім беру ұйымдарының дене шынықтыру мұғалімдеріне арналған 80 сағат көлемінде "Дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби құзыреттілігі мен дағдыларын дамыту" тақырыбында білім беру бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курстарын өткізеді.

Курстар ZOOM платформасында онлайн форматында өткізіледі. Курстардан өтуге ниет білдірушілер өтінімді: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.  элетронды поштасына жіберу қажет, cондай-ақ, қосымша ақпаратты: +77776003015; +77026059888 нөмірі бойынша алуға болады. Өткізу мерзімі: 2022 жыл, 14 - 25 ақпан.

Ағымдағы жылдың 23-24 желтоқсанында ҚР БҒМ «ҰҒПДТО» РМҚК республиканың барлық өңірлеріндегі білім беру ұйымдарының дене шынықтыру пәні әдіскерлерімен ZOOM-нан жиналыс өткізді.

Жиналыста орта білім беру ұйымдарында «Дене шынықтыру» пәнін оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз етудің проблемалық мәселелері талқыланды. Қалыптасқан жағдай дене шынықтыру мұғалімдерінің ҰКТ тапсыру кезінде және орта білім беру ұйымдарында «Дене шынықтыру» пәнін оқыту сапасына әсер етеді. Осы және басқа да ілеспе мәселелерді шешу үшін Орталық дене шынықтыру мұғалімдері – педагог-шеберлер мен педагог-зерттеушілерден тұратын әдістемелік кеңестің құрамын жасақтайды.  Дене шынықтыру мұғалімдерінің осы құрамынан Орталық Ұлттық тестілеу орталығына үміткерлерді ҰКТ тесттерімен жұмыс істеу бойынша іріктеу қажет.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Логистика және көлік академиясының және Алматы көлік колледжінің 1-2 курс студенттері арасында бұқаралық спорт түрлерін дамыту, жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақыру, студенттерді тұрақты түрде дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға тарту мақсатында қол күресінен жарыс өткізілді.

Алғаш рет Қазақстан Мектеп спорты федерациясы мен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының бірлескен онлайн-конференциясы өтті.

Оны өткізу бастамасын екі тарап та қолдады, дене тәрбиесі жүйесін жетілдіру, мектеп лигаларын кеңінен танымал ету, педагогикалық ұжымдардың дене шынықтыру-спорт жұмысына деген ынтасын арттыру және білім беру субъектілерін жалпы білім беретін мектептер оқушыларының халықаралық спорт қозғалысымен интеграциялау қажеттілігінен туындап отыр.

ҚР, Астана қ.,
Түркістан 8/2
БО "OLYMP PALACE" 12 қабат
8 (7172) 73-48-10
info@nnpcfk.kz
© Design by 2024 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • БАСТЫ
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАҢАЛЫҚ
  • ПЕДАГОГТЕРГЕ
  • ҒЫЛЫМ
  • Спорт
  • АЙМАҚТАР
  • Әдістемелік материалдар
  • меморандумдар