5-19 тамызда Қазақстанда педагогтердің республикалық тамыз конференциясы өтіп жатыр. Екі апта бойы панельдік сессияларда педагогтер мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім берудегі өзекті мәселелерді, балалардың құқықтарын қорғау және білім беру сапасын қамтамасыз ету мәселелерін талқылайды.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы педагог қызметкерлердің республикалық Тамыз кеңесі аясында дене шынықтыру мұғалімдерінің секциялық отырысын өткізеді.