8 (7172) 72-57-89
Байланыс
nnpcfk2020@yandex.kz
E-mail
Түркістан 8/2, 12 қабат
Астана қ.

ЖАҢАЛЫҚ

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің № 251 бұйрығымен ҚР БҒМ «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы» РМҚК бас директоры болып Садықов Сағдат Кәбірұлы тағайындалды.

Сағдат Кәбірұлы аталмыш орталықта 2018-2019 жж. бөлім басшысы, 2019-2021 жж бас директордың спорт жөніндегі орынбасары, ағымдағы жылдың 16 тамызынан бері бас директордың міндетін атқарып келді.

Ол - дзюдо бойынша Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Квебек қаласындағы Дүниежүзілік Универсиаданың, Азия Чемпионатының күміс жүлдегері, Сидней, Афина Олимпиадасының қатысушысы, ҚР бірнеше дүркін чемпионы.

1973 жылы 29 шілдеде ШҚО, Үржар ауданы, Жарбұлақ ауылында дүниеге келген. Туризм және спорт академиясының түлегі.

Абдрахманов Зикирья - «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы» РМҚК ұйымдастыруымен өткізіліп отырған курстың «Жеңіл атлетика бойынша оқу-жаттығу процесінің заманауи аспектілері» тақырыбы бойынша оқытушы, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің доценті, п.ғ.д. Дене мәдениеті және спорт мамандығына арналған «Жеңіл атлетиканың оқыту әдістемесі» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешенінің авторы.

Спортты серік еткен атамыз 8 сыныптан бастап жүгірумен тұрақты айналысады, "Бір орында қозғалмаған тоқтау су сасиды, біздің денемізде сол сияқты, қозғалыста болу керек" деген ұстаныммен өмір сүреді.

Бар ғұмырын ұстаздық пен спортқа арнаған атамызға зор денсаулық тілеп, үлкен алғысымызды білдіреміз!

«Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы» РМҚК ұйымдастыруымен 2021 жылдың 22-25 қазан аралығында  Тараз қаласы Динамо спорт кешенінде каратэ-додан 6-17 жас аралығындағы (ұлдар, қыздар) мектеп оқушыларының ашық республикалық турнирі өтті.

Турнирге Өзбекстан Республикасы, Ақмола, Атырау, Маңғыстау, Қызылорда,  Жамбыл облыстары мен Нұр-Сұлтан,  Алматы қаласы, Шымкент және Тараз қаласының командаларынан 340  оқушы қатысты.

«Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының» РМҚК ұйымдастыруымен 2021 жылдың 19-22 қазан аралығында Алматы облысы, Талғар қаласында дзюдодан 2004-2005 ж.т. мектеп оқушылары арасында аяқталды.

ЖАЛПЫКОМАНДАЛЫҚ ЕСЕПТЕ:

ҚР, Астана қ.,
Түркістан 8/2
БО "OLYMP PALACE" 12 қабат
8 (7172) 73-48-10
info@nnpcfk.kz
© Design by 2024 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • БАСТЫ
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАҢАЛЫҚ
  • ПЕДАГОГТЕРГЕ
  • ҒЫЛЫМ
  • Спорт
  • АЙМАҚТАР
  • Әдістемелік материалдар
  • меморандумдар