8 (7172) 72-57-89
Байланыс
nnpcfk2020@yandex.kz
E-mail
Түркістан 8/2, 12 қабат
Астана қ.

ЖАҢАЛЫҚ

Дрейт Наталья Александровна - дене шынықтыру мұғалімі, педагог-шебер, Алматы қаласы, № 68 МГ КММ. ҚР Дене шынықтыру мұғалімдері қауымдастығының басшысы.

«Ұлттық ғылыми-практикалық дене шынықтыру орталығы» РМҚК ұйымдастырылып отырған мұғалімдерің біліктіліктерін арттыру курсында «ДШ оқытудың заманауи технологиялары» модулі бойынша «Жеңіл атлетика бойынша оқу-жаттығу үдерісінің заманауи аспектілері» тақырыбында және «Вариативті модулі» бойынша дәрістер оқуда.

 

«Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының» РМҚК ұйымдастыруымен 2021 жылдың 13-18 қазан аралығында Нұр-Сұлтан қаласы, «Номад» спорт кешенінде өткізілген хоккейден 2012 ж.т. оқушылар арасында республикалық жарысы өз мәресіне жетті.

ЖАЛПЫКОМАНДАЛЫҚ ЕСЕПТЕ:

1 орын – Нұр-Сұлтан қаласының «Астана 1» командасы;

2 орын – ШҚО-ның «Торпедо» командасы;

3 орын – Нұр-Сұлтан қаласының «Астана 2» командасы.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз және алдағы уақытта да осындай жеңістер биігінен көріне берулеріңізге тілектеспіз!

Есжанов Бахытжан Аманханұлы - доцент, ҚР құрметті спорт қайраткері. «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының» білікті маманы.

Ол - 1984 ж. (АҚШ), 1988 ж. (Оңтүстік Корея), 2008 ж. (Пекин), 2012 ж. (Лондон қ). Олимпиада ойындарына КСРО және Қазақстан Республикасы құрама командаларының еркін стильдегі палуандарын дайындаған жаттықтырушы, Нұр-Сұлтан қаласында веложолдарды енгізуші, «Нұр-Сұлтан қаласында салауатты жұмыс орындары» бағдарламасының және халықаралық және республикалық ғылыми конференциялардың 70-тен астам жарияланымдарының авторы.

Өткізіліп отырған курста «Дене шынықтыруды оқытудың заманауи технологиялары» модулі бойынша дәріс беруде.

«Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының» РМҚК ұйымдастыруымен 2021 жылдың 15 қазан күні «BINOM EDUCATION» мектебінде «Ұлттық мектеп лигасы» І кезеңінің салтанатты ашылуы өтті.

Салтанатты ашылу рәсіміне ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Қанатұлы Аймағамбетов, ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Рахметоллақызы Райымқұлова қатысты.

Министрлер Ұлттық мектеп лигасының мектеп кезеңінің басталуына бүкіл республика бойынша старт берді.

Ұлттық мектеп лигасына спорт түрлері бойынша (баскетбол, футбол, волейбол, тоғызқұмалақ, футзал, баскетбол 3х3, асық ату – бес асық, жеңіл атлетикалық кросс, гандбол,үстел теннисі) жалпы білім беру ұйымдары білім алушыларының оқушылары ғана қатыса алады. Өз білім ордасындағы сайыстардың жеңімпаздары қалалық кезеңге, әрі қарай облыстық, республикалық жарыстарға жолдама жеңіп алатынын еске саламыз!

Ұлттық мектеп лигасының І, ІІ, ІІІ, ІV кезеңдерінің қатысушыларына сәттілік тілейміз!

ҚР, Астана қ.,
Түркістан 8/2
БО "OLYMP PALACE" 12 қабат
8 (7172) 73-48-10
info@nnpcfk.kz
© Design by 2024 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • БАСТЫ
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАҢАЛЫҚ
  • ПЕДАГОГТЕРГЕ
  • ҒЫЛЫМ
  • Спорт
  • АЙМАҚТАР
  • Әдістемелік материалдар
  • меморандумдар