8 (7172) 72-57-89
Байланыс
nnpcfk2020@yandex.kz
E-mail
Түркістан 8/2, 12 қабат
Астана қ.

ЖАҢАЛЫҚ

«Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының» РМҚК ұйымдастыруымен өткізілген «Дене шынықтыру және спорт» пәні бойынша оқушылар олимпиадасы өз мәресіне жетті!

Ғылым мен білімді спортпен бірге ұштастырып, білімнің биік шыңдарын бағындыруға келген алғашқы олимпиада жеңімпаздары анықталды.

Командалық есепте:

1 орын – Жамбыл облысы;

2 орын – Нұр-Сұлтан қаласы;

3 орын – Павлодар облысы.

«Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының» РМҚК ұйымдастыруымен 22.09.2021 жылы «Дене шынықтыру және спорт» пәні бойынша оқушылар олимпиадасының ашылу салтанаты өтті. Мұндай пәндік олимпиада елімізде алғаш рет өткізіліп отыр.

Ең алғашқы олимпиада қатысушылары - Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Атырау, Қарағанды, Қостанай, ШҚО, Жамбыл, Павлодар облыстарының оқушылары. Олимпиадаға 5-6, 7-8 сынып оқушыларынан 9 команда қатысуда.

Оқушылар волейбол, гимнастика, баскетбол, футбол, жеңіл атлетика мен теория тапсырмаларынан сынақ тапсырады.

"Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының" РМҚК ұйымдастыруымен Нұр-Сұлтан қаласында шайбалы хоккейден 2012 ж.т. мектеп оқушылары арасында республикалық турнир өтуде!

Турнирде Нұр-Сұлтан, Алматы қаласы мен Ақтөбе облысынан 8 команда өзара бақ сынауда.

Командалар:

1) Астана 2011

2) Астана 2011-2

3)Стрижи 2010

4) ХК «Ақтөбе» шайбалы хоккей академиясы

5) Бригантина 2010

6) Бригантина 2011

7) Барыс 2010

8)Номад

Жүлделі орындардан және жеңіс тұғырынан көріну үшін аянбай тер төгетін спортшыларымызға сәттілік тілейміз!

ҚР Білім және ғылым министрлігінің "Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының" РМҚК ұйымдастыруымен қазақ күресінен 2004-2005 ж.т (ұлдар,қыздар) мектеп оқушылары арасында Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевты еске алуға арналған республикалық жарысы өз мәресіне жетті.

ЖАЛПЫКОМАНДАЛЫҚ ЕСЕПТЕ:

Қыздар арасында:

1 орын - Нұр-Сұлтан қаласы;

2 орын- Ақтөбе облысы;

3 орын- СКО.

Ұлдар арасында:

1 орын - Жамбыл облысы;

2 орын - СКО

3 орын - Алматы қаласы

Спортты серік еткен жас жеткіншектеріміздің бүгінгі жеңісі баршаңызға құтты болсын!

ҚР, Астана қ.,
Түркістан 8/2
БО "OLYMP PALACE" 12 қабат
8 (7172) 73-48-10
info@nnpcfk.kz
© Design by 2024 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • БАСТЫ
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАҢАЛЫҚ
  • ПЕДАГОГТЕРГЕ
  • ҒЫЛЫМ
  • Спорт
  • АЙМАҚТАР
  • Әдістемелік материалдар
  • меморандумдар