8 (7172) 72-57-89
Байланыс
nnpcfk2020@yandex.kz
E-mail
Түркістан 8/2, 12 қабат
Астана қ.

ЖАҢАЛЫҚ

"Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының" РМҚК ұйымдастыруымен 20.09.2021 жылы «Дене шынықтыру мұғалімінің кәсби құзыреттілігі мен дағдыларын дамыту» тақырыбында мектеп мұғалімдеріне арналған курс ZOOM платформасы арқылы өтуде.

Курсқа 150 мұғалім қатысуда, қатысушыларға мемлекеттік үлгідегі сертификаттар беріледі.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының» РМҚК ұйымдастыруымен байдарка мен каноэ есуден 2005-2006, 2007-2009 жылғы мектеп оқушылары арасында республикалық турнирі өз мәресіне жетті!

ЖАЛПЫКОМАНДАЛЫҚ ЕСЕПТЕ:

1 орын - Нұр-Сұлтан қаласы (146 ұпай)

2 орын - Жезқазған қаласы (126 ұпай)

3 орын - ШҚО (126 ұпай)

4 орын - Шымкент қаласы (96 ұпай)

5 орын - Алматы қаласы (92 ұпай)

ҚР Білім және ғылым министрлігінің "Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының" РМҚК ұйымдастыруымен өткізілген жүзуден 2005 ж.т (ұлдар,қыздар) мектеп оқушылары арасында республикалық жарысы өз мәресіне жетті. 4 күндік жарыстың қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте:

1 орын - Алматы облысы

2 орын - Солтүстік Қазақстан облысы

3 орын - Алматы облысы 1

Жарысқа қатысушылардың жеңістерімен құттықтаймыз! Бағындырар белестеріңіз көп болғай!  

ҚР Білім және ғылым министрлігінің "Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының" РМҚК ұйымдастыруымен қазақ күресінен 2004-2005 ж.т (ұлдар,қыздар) мектеп оқушылары арасында Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевты еске алуға арналған республикалық жарысы басталды!

Жарысқа Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары, Түркістан, Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Алматы, СҚО, Жамбыл облыстарынан 10 команда өзара бақтарын сынауда.

Берлиндегі Рейхстагқа Жеңіс туын тіккен Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаев атамыздың ерлігін мақтан тұтатын жастарымызға бүгінгі сыннан сүрінбей өтулеріне тілек білдіреміз!

Оқушыларымыздың бұл жарыста бағындырар асулары биік болатынына сенеміз, себебі қазақ күресі - қазақ халқының ерте кезден қалыптасқан спорт ойындарының бірі.

ҚР, Астана қ.,
Түркістан 8/2
БО "OLYMP PALACE" 12 қабат
8 (7172) 73-48-10
info@nnpcfk.kz
© Design by 2024 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • БАСТЫ
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАҢАЛЫҚ
  • ПЕДАГОГТЕРГЕ
  • ҒЫЛЫМ
  • Спорт
  • АЙМАҚТАР
  • Әдістемелік материалдар
  • меморандумдар