8 (7172) 72-57-89
Байланыс
nnpcfk2020@yandex.kz
E-mail
Түркістан 8/2, 12 қабат
Астана қ.

ЖАҢАЛЫҚ

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының» ұйымдастыруымен байдарка мен каное есуден 2005-2006, 2007-2009 жылғы мектеп оқушылары (ұлдар, қыздар) арасында республикалық «ЖЫЛДАМ ҚАЙЫҚ» турнирі басталды.

Аталмыш турнир 15-20 қыркүйекте Алматы облысында өтуде. Еліміздің 130-дан астам жас спортшылары бақ сынасып, өзара мықтыларды анықтайды. Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Шымкент, Қарағанды, Қызылорда, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарының оқушылары қатысып жатыр.

Сайысқа қатысушыларға сәттілік тілейміз!

Бүгін Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы мен Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ұйымдастыруымен Білім және ғылым министрлігіне қарасты ұйымдар арасында онлайн-жиналыс өткізді. Жиналысқа Ы. Алтынсарин Ұлттық білім академиясының өкілдері, қалалық, аймақтық басқарма басшылары, әдіскерлері, өңірлік дене шынықтыру және спорт орталықтарының директорлары және ҚР БҒМ Ұлттық ғылыми-практикалық дене шынықтыру орталығының қызметкерлері қатысты.

Жиналыста «дене тәрбиесі» пәні бойынша маңызды екі сұрақ талқыланды:

- бірінші сұрақ бойынша: «2021-2022 оқу жылындағы дене шынықтыру бойынша оқу жүктемесі және оқу – әдістемелік нұсқаулық хат» туралы Ы. Алтынсарин Ұлттық білім академиясының вице президенті Мухаметханова Алмагуль Кенесханқызы;

- екінші сұрақ бойынша: «Дене шынықтыру мұғалімдеріне сабақтан тыс спорт секциялардың төленетін төлемақысы» туралы Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы бас директорының міндетін атқарушы Садықов Сағдат Кәбірұлы сөз сөйледі.

Жиналыс қатысушылары ойларында жүрген көкейкесті сұрақтарын қойып, оларға толық жауап алды.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының» РМҚК ұйымдастыруымен 2021 жылдың 13-18 қыркүйек аралығында Талдықорған қаласында жүзуден 2005 ж.т. мектеп оқушылары арасында республикалық турнирі басталды!

Жарысты Ұлттық ғылыми практикалық дене тәрбиесі орталығының Алматы қаласындағы филиал директоры Айтбаева Зоя Қанатбекқызы мен Еуропа әлем чемпионатының  алтын медаль иегері, Талдықорған орталық бассейнінің директоры Суюнов Мерей Иембергенович ресми түрде ашып берді.

Жетістікке жетелейтін, болашағы жарқын жастарымызға тек сәттілік тілейміз!

Әлем чемпионатында жеңімпаздар қатарынан көрінген қос спортшыны жүлдесімен құттықтаймыз!!!

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің студенттері еркін және әйелдер күресінен жастар арасында Әлем чемпионатының жүлдегерлері – Нилуфар Раимова және Мадина Аман Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы ұйымдастырған ХІ жазғы Универсиада алаңында топ жарып, үздік өнер көрсеткен еді.

Нилуфар Раимова Қазақстанға 13 жыл арман болған алтын жүлдені жеңіп алды. Мадина Аман өзінің ерік-жігерінің нәтижесінде қола жүлдені иеленді. Біз осындай шәкірттеріміздің барына мақтанамыз. Алдағы жарыстарда тек қана жеңіс тілейміз! - деді Университет ректоры Жанар Амангелдіқызы.

ҚР, Астана қ.,
Түркістан 8/2
БО "OLYMP PALACE" 12 қабат
8 (7172) 73-48-10
info@nnpcfk.kz
© Design by 2024 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • БАСТЫ
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАҢАЛЫҚ
  • ПЕДАГОГТЕРГЕ
  • ҒЫЛЫМ
  • Спорт
  • АЙМАҚТАР
  • Әдістемелік материалдар
  • меморандумдар