8 (7172) 72-57-89
Байланыс
nnpcfk2020@yandex.kz
E-mail
Түркістан 8/2, 12 қабат
Астана қ.

ЖАҢАЛЫҚ

«Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының» РМҚК ұйымдастыруымен 2021 жылдың 21-24 қыркүйек аралығында Нұр-Сұлтан қаласы, «Номад» спорт кешенінде өткізілген хоккейден 2010-2011 ж.т. оқушылар арасында республикалық жарысы өз мәресіне жетті.

Жалпы командалық есепте:

1 орын - «Барыс» -2010 командасы - Нұр-Сұлтан қаласы;

2 орын - «Стрижи» -2010 командасы - Алматы қаласы;

3 орын - «Бригантина»-2010 командасы - Нұр-Сұлтан;

«Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы» РМҚК бас директорының міндетін атқарушы С.К. Садықов аймақтық дене шынықтыру орталықтарымен онлайн жиналыс өткізді.

Жиналыста Ұлттық мектеп лигасын өткізу туралы сөз қозғалды.

Еске салсақ, мектеп оқушылары арасында жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын бұл жарыс - жас ерекшеліктеріне қарай спорттың 9 түрі бойынша (баскетбол, волейбол, гандбол, футбол, футзал, асық ату-бес асық, президенттік тест, үстел теннисі, тоғызқұмалақ) 4 кезеңнен өткізілетін жарыс додасы.

«Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының» РМҚК ұйымдастыруымен 2021 жылдың 23-26 қыркүйек аралығында Тараз қаласы, «Динамо» спорт кешенінде 6-15 жас ерекшілігі (ұлдар, қыздар) арасында киокушинкай-кан каратэден республикалық турнир өтті.

Аталған іс-шараға Алматы, Маңғыстау, Жамбыл облыстары және Шымкент қаласының командалары қатысты, турнир 150 оқушыны қамтыды.

Жалпы командалық есепте:

Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы Абишев Асылхан Рахимжанұлын мерейлі 70 жасымен құттықтайды.

Абишев Асылхан Рахимжанұлы 1951 жылдың 22 қыркүйегінде Жамбыл облысы, Қордай ауданында дүниеге келген. Асылхан Рахимжанұлы 2008 жылдың ақпан айынан Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы Алматы қаласы филиалының «Ұйымдастыру-талдау жұмысының» басшысы, 2018 жылдан «Ғылыми-зерттеу зертханасында» жетекші ғылыми қызметкері болып жұмыс атқарып келеді. Ол биология ғылымдарының кандидаты, Петровка академиясының академигі.

Өз ісіне берілген, кәсіби шеберлігі мол, әділдігі мен адамгершілігі қатар жүретін Сізді білікті маман, ақжүрек азамат ретінде құрмет тұтамыз!

Бойыңызға мұқалмас жігер, қайтпас қажыр, еңбегіңізге таусылмас табыстар, отбасыңызға ортаймас бақ -ырыс тілейміз!

Мерейіңіз үстем, мәртебеңіз биік болсын!

ҚР, Астана қ.,
Түркістан 8/2
БО "OLYMP PALACE" 12 қабат
8 (7172) 73-48-10
info@nnpcfk.kz
© Design by 2024 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • БАСТЫ
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАҢАЛЫҚ
  • ПЕДАГОГТЕРГЕ
  • ҒЫЛЫМ
  • Спорт
  • АЙМАҚТАР
  • Әдістемелік материалдар
  • меморандумдар