Байдарка мен каное есуден мектеп оқушылары арасында республикалық «ЖЫЛДАМ ҚАЙЫҚ» турнирі басталды
- Қаралды: 628
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының» ұйымдастыруымен байдарка мен каное есуден 2005-2006, 2007-2009 жылғы мектеп оқушылары (ұлдар, қыздар) арасында республикалық «ЖЫЛДАМ ҚАЙЫҚ» турнирі басталды.
Аталмыш турнир 15-20 қыркүйекте Алматы облысында өтуде. Еліміздің 130-дан астам жас спортшылары бақ сынасып, өзара мықтыларды анықтайды. Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Шымкент, Қарағанды, Қызылорда, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарының оқушылары қатысып жатыр.
Сайысқа қатысушыларға сәттілік тілейміз!