8 (7172) 72-57-89
Байланыс
nnpcfk2020@yandex.kz
E-mail
Түркістан 8/2, 12 қабат
Астана қ.

ЖАҢАЛЫҚ

🎯 Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың бастамасымен 2024 жылдың 8 сәуірінен бастап елімізде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы өтуде.
🟢 Акцияның "Жасыл аймақ" апталығы аясында ҚР Оқу-ағарту министрлігі Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы қызметкерлерінің белсенділік танытуымен Ұлы Дала даңғылының бойындағы № 9 секторда 44 ағаштың, 11 бұталардың түбі қоқыстардан тазартылып, қопсытылды. Орталыққа бөлінген аймақта тазалық жұмыстары өз деңгейінде жүзеге асырылды.
✊️ Сенбілік – бұл ұжымдық рухты, бірегейлікті, ауызбіршілікті ынтымақты көрсететін керемет шара. Әр азамат өз өлкесінің тазалығына, көркемдігіне жанашырлықпен қарау арқылы өзінің жауапкершілігін танытады.

Курс Абай облысы білім басқармасының «Бизнес және сервис колледжі» КМҚК базасында өтіп жатыр. Тыңдаушылардың жалпы саны — 55.

Курс мақсаты – дене шынықтыру саласында инновациялық педагогикалық денсаулық сақтау технологияларын пайдалана отырып, дене шынықтыру педагогтерінің кәсіби құзыреттілігі мен дағдыларын арттыруға бағытталған.

 
Бүгін Оқу-ағарту министрлігінің аппараттық кеңесінде өңірлік білім басқармалары, ведомстволық бағынысты ұйымдар және әдістемелік кабинет басшыларының қатысуымен «Жаз-2024» балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру мәселелері талқыланды.

2024 жылғы 22 сәуірде Астана, Алматы, Шымкент қалаларында және Абай, Жетісу, Қызылорда, Түркістан облыстарында «Дене шынықтыру педагогінің кәсіби құзыреттілігін дамыту» тақырыбында орта білім беру ұйымдарының дене шынықтыру пәні мұғалімдеріне арналған біліктілікті арттыру курсы басталды. Курсқа 448 тыңдаушы қатысуда.

Курста білікті тренер-лекторлар дене шынықтыру пәні бойынша инновациялық әдістерді сабақта тиімді пайдалану, педагогикалық- психологиялық, нормативтік-құқықтық бағыттары, IT құзыреттілікті дамыту бойынша кешенді білім беруде.

Біліктілікті арттыру курсы әріптестікті нығайту мақсатында педагогтердің өзара тәжірибе алмасып, білімдерін жетілдіретін әріптестік ортаның қалыптасуына ықпал етеді.

ҚР, Астана қ.,
Түркістан 8/2
БО "OLYMP PALACE" 12 қабат
8 (7172) 73-48-10
info@nnpcfk.kz
© Design by 2024 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • БАСТЫ
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАҢАЛЫҚ
  • ПЕДАГОГТЕРГЕ
  • ҒЫЛЫМ
  • Спорт
  • АЙМАҚТАР
  • Әдістемелік материалдар
  • меморандумдар