2024 жылғы 24 ақпанда Астана каласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКК-нің қолдауымен Астана каласы, «№ 59 мектеп-лицейі» ШЖҚ МКК базасында «Үздіксіз білім беру – тұлға мен қоғамның тұрақты дамуының кепілі» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференция барысында 16 бағыт бойынша, оның ішінде «Үздіксіз білім беру жүйесіндегі дене шынықтыру және спорт» тақырыбында дене шынықтыру педагогтерінің секциясы жұмыс істеді. Конференцияның жұмысына қатысу үшін колледждердің оқытушылары мен басшылары, мектептердің, лицейлердің, гимназиялардың педагогтері мен басшылары шақырылды.